Аудан дамуында оң динамика бар | arainews.kz

Аудан дамуында оң динамика бар

222

Меркі ауданының даму көрсеткіші жыл өткен сайын жақсарып келеді. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының өсу динамикасын оң бағытта қалыптастырып отыр.

Мәселен, ауданның негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемі 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 8003,6 миллион теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 127,2 пайызды құрады. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 4090,9 миллион теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 167 пайызды құраған болатын.

Сондай-ақ, ауданда құрылыс көлемі де арта түскен. Есепті кезеңде 27224 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,6 % құрап отыр.

Бұдан бөлек, әртүрлі маңыздағы жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына да баса назар аударылуда. Жалпы аудан бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 178 шақырым, облыстық маңызы бары 70,5 шақырым, аудандық маңызы бар 95,9 шақырым. Бүгінде 95,9 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 77,1 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Қазіргі таңда осы аудандық маңызы бар Ойтал – Қызылқыстақ 0-19 шақырым  автомобиль жолына орташа жөндеуге 197,4 миллион теңге қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша мердігер «ЕрК Астана» ЖШС-і тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ       Андас батыр – Гранитогорск 1,4 шақырым жолына қаражат  қарастырылып, мердігер «Жандос и К» ЖШС тиісті жұмыстарды атқаруда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.