«Жүк автокөлігі» жедел-профилактикалық шарасы аясында өткен рейдте жол ережесін бұзған жүргізушілерге жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылған.
Іс-шара барысында барлығы 38 әкімшілік хаттама толтырылып, 5 автокөліктің мемлекеттік белгілері тәркіленген.
Сондай-ақ, 38 құқық бұзушының 7-еуінің көлігі «Гатин», «Цемент-Бетон», «Батыс-Снаб», «ТасболатМұнайГаз», «Ақтау Темір Бетон», «Ундуз» ЖШС-ге тиісті екені анықталған. Сонымен қатар, 31-і жеке тұлғаларға тиісті болған.
Жүргізушілерге ҚР Әкімшілік Кодексінің 591-бабы, 593-бабы, 595-бабы, 596-бабы, 601-бабы, 602-бабы, 612-бабы бойынша хаттама толтырылған.
Жалпы, қала көлемінде 63 жүк автокөлігі тоқтатылған.