Агросаланың түсімі еселеніп келеді | arainews.kz

Агросаланың түсімі еселеніп келеді

176

Шулық диқандар Жер-Ананың жомарттығын жақсы түсінеді. Сол себепті, мүмкіндігінше кең алқапқа дән сеуіп, мол өнім алуға ұмтылып тұрады. «Диқан жерге тоймас» деген осы болса керек.

Жалпы, Шу ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2019 жылы жалпы құны 40 млрд 2 млн 4 мың теңгенің өнімі өндірілген. Оның  физикалық индекс көлемі 104 пайызды құраған.

– Оның ішінде егін шаруашылығы 26 млрд 304 млн 9 мың теңге, физикалық индекс көлемі 105 пайыз, мал шаруашылығы өнімі 13 млрд 558 млн 600 мың  теңге, физикалық индекс көлемі 102,1 пайыз болды. Өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 млрд 765 млн 500 мың теңгеге жоғарылап, 116,8 пайызға орындалды.

Шу ауданы аумағының жер көлемі – 1 203 030 гектар, оның ішінде  егістік — 146800 гектар, оның ішінде суармалы егістік 32722 гектар, көп жылдық екпелер — 584 гектар, шабындық — 5486 гектар, жайылымдық — 926136 гектарды құрайды.

2019 жылдың өнімі үшін егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі 139706 га, оның ішінде: жаздық арпа 23710 гектар, күздік бидай 15268 гектар, дәндік жүгері 1576 гектар,  майлы дақылдар 10122 гектар, картоп 1244 гектар, қант қызылшасы 725,1 гектар, көкөніс 10180 гектар, бақша 8580,2 гектар, бір жылдық шөп 17333 гектар болды, – дейді аудан әкімі Жарылқасын Айтақов.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.