«Үшбұлақ» жағалауындағы демалыс аумағы пайдалануға берілді | arainews.kz

«Үшбұлақ» жағалауындағы демалыс аумағы пайдалануға берілді

305

Тараздағы «Үшбұлақ» жағалауындағы демалыс аумағы пайдалануға берілді.  Қайта жаңғыртылған «Үш бұлақ» жағалауын қала тұрғындары үшін лайықты демалыс аумағына айналдыру жұмысы «Жеңіс» саябағы бойынша қолға алынған жобамен байланысты. Көп жылдан бері каналдың жағалауы қараусыз қалып, қоғам тарапынан сын айтылып келген еді.

Жалпы алаңы 6,5 гектар жерді абаттандыру жұмыстары кезінде 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Көпірдің ұзындығы — 72 метр, ені — 3 метр.

Бөгет қайта жаңартылып, су айдыны 60 метрге кеңейді, демалушылар  тамашалайтын 5 дана аққу, 4 дана үйрек пен ақ амур және карп сияқты 3000-ға жуық балық жіберілді.

Сонымен қатар, жағалауда каналға шығатын 3 дана пирс, демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, спорттық снарядтар, суда жүруге арналған катамарандар қойылып, каналдың бойында ұзындығы 700 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынды.

 Түрленген Тараз жаңа белестерге көтеріліп, Қазақстандағы көркем де, көрікті қалалардың біріне айналып келеді.

Демалыс аймағының ашылу салтанатында Жамбыл облысының Құрметті азаматы Амангелді Карентаев, еңбек ардагері Өскенбай Мәдиевке сөз беріліп, меймандар тараздықтарға жүрекжарды тілектерін арнады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.