Тараз қаласында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған  ескерткіш ашылды | arainews.kz

Тараз қаласында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған  ескерткіш ашылды

254

Тараз қаласында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған  ескерткіш ашылды.

Ауғанстан жеріндегі әскери іс-қимылдарға Жамбыл облысынан екі мың екі жүз отыз алты жерлесіміз қатысты.Ал, 71 жас жауынгер әскери қақтығыстар кезінде қаза тапты. Бұл орны толмас өкініш.

Бүгін, қала күніне орай, Жеңіс саябағында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған  ескерткішінің салтанатты ашылу  рәсімі өтті.

Ескерткіштің ашылу салтанатына арнайы келген Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытжан Ертаев және  Қазақстан Республикасының  Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл нысанның лентасын қиып, сөз сөйледі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.