Жауапкершілік жүгі бәрінен жоғары

45

Қазынаның әрбір тиыны тиімді әрі мақсатты жұмсалуы тиіс. Әсіресе, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үдерісіне барынша жауапкершілікпен қараған абзал. Ал, заңбұзушылықтарға жол берген тұлғалар жазасыз қалмайды. Осы орайда, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №1 сәйкестік аудиті бөлімі тарапынан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қаржылық бұзушылықтарға жол бергені үшін мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларына айыппұл салынды.

Мысалы, жуырда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 207-бабы бойынша мемлекеттік органдардың 28 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, әртүрлі құқықбұзушылықтар үшін жалпы сомасы 9 115,0 мың теңгеге 96 әкімшілік материал жасалды.

Оның ішінде 46 әкімшілік материал сот органы арқылы қаралды. Онда 32 материал бойынша жіберілген бұзушылықтар дәлелденіп, сот тиісті айыппұл салумен тұлғалардың кінәлілігі туралы шешім шығарды.
Айта кету керек, ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Мемлекеттік  сатып алу бөлігінде жол берілген бұзушылықтарды бұзғаны үшін салынатын айыппұл сомасы өте жоғары. Мысалы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, 207-баптың әртүрлі бөліктері бойынша  айыппұлдардың көзделген сомасы 30-200 айлық есептік көрсеткішті құрайды және кінәлі тұлғаға әрбір жол берілген бұзушылық бойынша салынады.
Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп, құқықбұзушылық үшін лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. Осылайша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылуда.

Қ.ОРМАНОВ,
облыс бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаменті
басшысының орынбасар

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.