«Кітаппен кеңес – білімдімен теңес» | arainews.kz

«Кітаппен кеңес – білімдімен теңес»

147

Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру ақсатында Тараз қалалық №6 кітапханада ашылған «Коворкинг» орталығында «Жастар – кітап әлемінде» жобасы аясында жастар арасында «Кітаппен кеңес – білімдімен теңес» тақырыбында ойын-тренинг өтті.

Шара егеменді еліміздің ертеңіне тіреу, іргесіне сүйеу болатын жастарымызды кітапты таңдап талғап оқи білуге, оны түсіну мен түйсінуге, алған әсерлерін өмір қажетіңе жарата білуге үйрету мақсатында өтті.

Ойын –тренингке қатысушы жастар «Бұл кім?» сұрағымен жасырылған ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері туралы толық мәліметтер айтып, олардың өздері оқыған шығармаларынан үзінділер, өлеңдер оқыды. Ойын-тренингтің өткізілуіне және алған әсерлері туралы өз ойларын смайликтер арқылы білдіріп отырды.

Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға «Білім кілті-кітапта» атты кітап көрмесін ұйымдастырып ұсынып, библиографиялық шолу жасады.

Ж.Қалжанова, Тараз қалалық №6 кітапхана қызметкері 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.