Жас мамандарға қолдау көп | arainews.kz

Жас мамандарға қолдау көп

204

Құқық қорғау саласының қиын әрі қызықты қызметін абыроймен атқара білу үшін адам бойында үлкен жауапкершіліктің болуы маңызды. Ол үшін білім, білік және төзіммен қажыр-қайрат аса қажет. Себебі, түрлі тағдыр мен сан алуан мінезді адамдардың бар «еркелігін» көтеріп, қанша жерден ашу мен намысқа тиетін сөздер айтылып жатса да түгесілгелі тұрған ашуын салқын сабырға жеңдірген қызметкер ғана құрметке ие болмақ. Қызметтік этика да осыны талап етеді.

Бүгінде осындай қасиеттерді өн бойынан кездестіретін жас қызметкерлер аз емес. Солардың бірі және бірегейі — Камшат Абдымомынова. Камшат Әбілқасымқызы мектеп бітіргеннен кейін Тараз иновациялық — гуманитарлық университетіне оқуға түседі.

Ал ағымдағы жылы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің босатылғандарды еңбек және тұрмыспен қамтамасыз ету инспекторы қызметкері ретінде жұмысқа орналасады. Қазіргі таңда бойжеткен Павлодар қаласындағы оқыту орнында арнайы курстан өтуде.

Жалпы, бүгінгі таңда бұл салада қызмет ететін жас мамандарға қолдау көп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Президент құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға көтеру туралы нақты тапсырма бергендігі соның бір айғағы. Бұл дегініңіз — Кәмшат секілді жас қызметкерлерге үлкен демеу, ертеңгі күнге сенім. Сәйкесінше, өмірін ішкі істер саласымен байланыстырғысы келетін жастардың да саны артып, құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасқысы келетіндердің құлшынысын арттырмақ.

Айгүл Жүнісова, 

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесі

кадр саясаты бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.