Тараз қаласы әкімінің орынбасары волонтерлармен кездесті | arainews.kz

Тараз қаласы әкімінің орынбасары волонтерлармен кездесті

934

Бүгін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев тараздық волонтерлармен кездесті. Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен жиын «JasTarTalks» «Арман.Мақсат.Нәтиже» атауымен өтті.  Басқосуға облыс орталығының 25-ке жуық үздік волонтерлері қатысты.

Карантинге байланысты қиын жағдайды ескере отырып,  шара қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік қашықтықты қатаң түрде сақтай отыра өткізілді.

Кездесу барысында «Жастар ресурстық орталығының» директоры Абзал Есіркепов пандемия жағдайында волонтерлардың атқарған еңбектері жайында баяндады.

– Қазіргі таңда облыс орталығында 1000-ға жуық волонтерлар ерікті түрде қоғам үшін  қызмет атқаруда. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері Тараз қаласының волонтерларының көмегімен өңірімізде 1500 мұқтаж отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Пандемия өршіген тұста волонтерлар басты қажеттілікке айналған дәрі-дәрмек, бетперде, мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестіруге белсене ат салысты.

Ақпараттық қағаздарын тарату, жалғыз басты қарттарға ыстық тамақ тарату жұмыстарына белсенділік тантты. Көмек ретінде оттегі баллоны ауруханаларға жеткізілді.

Қаланың шырайын әрлендіру, оны үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосу мақсатында волонтерлар тұрақты түрде сенбіліктер өткізді, – деді орталық директоры.

Волонтерлардың  осынау тыңғылықты жұмыстарын ескерген Тараз қаласы әкімінің орынбасары Садубаев Алмас Қадырбекұлы жастарға алғысын білдіріп, дипломдармен және де бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Аталмыш шара барысында мараптқа ие болған жастар атынан «Jambyl» телеарнасының журналисі Төлеген Сағадинов волонтер болудың ерекшеліктерін, жастарға тигізер пайдасын тілге тиек ете отырып, қала жастарын осындай игі істерді жалғастыруға шақырды.

Таңшолпан Поштабаева,

Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы»

ұйымдастыру секторының жастар

ісі жөніндегі инспекторы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.