Жамбылдық өрендер облыс біріншілігінен жүлделі қайтты | arainews.kz

Жамбылдық өрендер облыс біріншілігінен жүлделі қайтты

237

Таяуда Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы қол күресінен ересек ұл-қыздар арасында Жамбыл облысының ашық біріншілігін өткізді. Оған 400-ге жуық спортшы қатысып, 13 салмақ дәрежесі бойынша өзара күш сынасты.

Жарыста Жамбыл ауданы Түрксіб ауылындағы спорт мектебінің спортшылары да бақ сынап, жүлдемен оралды. Қоржында – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола.
Нақтырақ айтар болсақ, Мейіржан Әбдікерім 50 келі салмақ дәрежесінде топ жарса, Нағима Ережепбаева (70 келі) мен Аяулым Рзабаева (50 келі) екінші және үшінші орындарды иеленді.
– Балалар жарады. Жарыста жақсы өнер көрсетті. Жүлделі орындардан көрінді. Аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітовке рахмет, – деді жүлдегерлердің жаттықтырушысы Айбол Өмірқұлов бізбен әңгімесінде.

Ильяс Қалыбеков

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.