Жамбылда «Taraz симфониясы» фестивалі өтті

33

Жуырда Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Taraz симфониясы» атты өнер фестивалінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Мәдени шығармашылықты қолдау және ілгерілету, облыс аумағында классика, джаз, романс жанрларын дамыту, өнерлі, дарынды орындаушыларды анықтау, олардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіріп, орындау шеберлігін арттыруды мақсат еткен байқауға қатысқан 26 үміткер «Аспапта орындау», «Вокал» кезеңдері бойынша өнер көрсетті.
Сахнада өнерлі өреңдер жанды дауыспен ән шырқап, фортепиано, гитара, үрмелі аспап, дарбука, баян секілді музыкалық аспаптармен көркем шығармаларды орындады. Олардың өнерін тамашалаған қазылар алқасы – облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев, аталмыш орталықтың көркемдік жетекшісі Эльмира Дутбаева, «Үрмелі және эстрадалық аспапта орындаушылар» – І республикалық конкурстың лауреаты Нұрбол Баймбетов, Ш.Қалдаяқов атындағы республикалық конкурстың лауреаты, композитор Көпшіл Ертаевтар өз бағасын берді.
Нәтижесінде, Орынбасар Бахытұлы, Әлібек Айбек, Гүлжанар Керімқұлова вокал кезеңі бойынша, Бибінұр Бердібек (үрмелі аспап), Дәулет Бақтиярбек (гитара), Ердос Бейбітбай (дарбука) аспапта орындау кезеңі бойынша үздік деп танылып, облыстық кезеңге жолдама алды.

Эльмира Түркменова

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.