Жамбылдық кәсіпкерлерге 8,6 млрд. теңге көлемінде несие берілген | arainews.kz

Жамбылдық кәсіпкерлерге 8,6 млрд. теңге көлемінде несие берілген

159

Жамбыл облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында да жұмыстар атқарылуда. Кәсіпкерлерге тиімді қызмет көрсету үшін Тараз қаласында «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс жасайтын заманауи фронт-офис ашылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов хабарлады.

– Жалпы өңірлік өнім көлемінде шағын және орта бизнестің үлесі соңғы 5 жылда 18 пайыздан аспаған болса, өткен жылы 21 пайызға жетті.

Үстіміздегі жылы кәсіпкерлерге 8,6 млрд.теңге көлемінде шағын несие берілді. Бұл көрсеткіш республика өңірлері аралығында 1 орын.

Бұдан басқа, шағын бизнес субъектілері бастамаларын іске асыру үшін 1955 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грантқа 1,2 млрд. теңге (200 АЕК — 505 мың теңгеден) бөлінді. Оның 303 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген, – деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Бұдан бөлек, шағын және орта кәсіпкерлердің саны 70 мыңнан асып, онда 125 мың адам жұмыспен қамтылған. Өз кезегінде, олар өндірілген өнім мен қызмет көлемі биыл 167 млрд. теңгені құрап, 6,3 пайызға артқан. Ал, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 345 кәсіпкерге 1,3 млрд. теңгеге инфрақұрылымдық көмек көрсетілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.