Жамбыл облысында туризм саласы қалай дамуда? | arainews.kz

Жамбыл облысында туризм саласы қалай дамуда?

184

Жамбыл облысында туризм саласы қалай дамуда? Межеленген міндеттер толық орындалған ба? Осы және өзгеде сауалдар төңерегінде жауаптар Жамбыл облыстық туризм басқармасының есепті қорытынды жиынында айтылды. Сондай-ақ, басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар талқыланып, биылғы жылы орындалуға тиіс жұмыстар нақтыланды.
Жамбыл облысының туризмі — өңіраралық жеке шекара ынтымақтастығы саласында үлкен әлеуетке ие. Сондықтан да бұл саланы дамытуда бар мүмкіндіктер қарастырылуда. Аталған басқармада өткен жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жеті нысаналы индикатор бекітілген. Межеленген міндеттердің қатарында ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілетін келушілер санын арттыру. Екінші туризмді дамыту бағытында сырттан келетін туристер санын көбейту және туристерге ұсынылған қонақ үйлер мен сервистік қызмет сапасын арттыру.
Туризм саласында өткен жылдың тоғыз айының көрсеткіші бойынша аталған индикаторлар Тараз қаласы, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында толық орындалмаған. Нақтырақ айтқанда қонақ үйлердің жоқтығы, келушілерге дұрыс қызмет көрсетілмеуі тілге тиек етілді. Бұл ретте жауапты мамандар кеткен кемшіліктерді қолға алып, жұмыс жасаймыз деп сендірді.
Өз кезегінде басқарма басшысы Қарлығаш Аралбекова облыс әкімі алдында саладағы кемшіліктерді жіпке тізгендей етіп айтып берді. Өзекті мәселенің бірі аймақта тарихи –мәдени орындардың дені Республикалық деңгейдегі нысандар қатарына енгізілген. Бүгінгі таңда «Айша бибі», «Қараһан» кесенесі, «Ақыртас» кешені келушілерге ақылы түрде қызмет көрсеткенімен де, ондағы сервистык қызмет сапасы көпшілік көңілінен шыға бермейді. Ал, бұл қасиетті орындар Республика бюджетіне қарағандықтан, жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбейді. Ал, облыс әкімі Асқар Мырзахметов бұл мәселені шешу керек екенін айтып, тиісті маманнан жауап алды.
Сонымен қатар осы жылы туризм саласын кешенді дамыту бағдарламасы аясында құны 7,401 млр болатын 30 жоба қолға алынбақ. Оның бүгінде жетеуі дайын. Батыс Европа-Батыс Қытай автожолы бойында туристерге арналған жол бойындағы сервистік кешендердің ұлттық стандарттарға сәйкестендіру бойынша жұмыстар қолға алынбақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.