Облыста медициналық ұйымдар толықтай цифрлық жүйеге көшеді | arainews.kz

Облыста медициналық ұйымдар толықтай цифрлық жүйеге көшеді

247

Жамбыл облысында барлық медициналық ұйымдар биыл толықтай цифрлық жүйеге көшеді.

Бұл «Арнайы жол картасы» аясында жүзеге аспақ. Қазір өңірдің денсаулық сақтау саласын цифрландыру көрсеткіші 30% жетіп тұр.

Тараз қаласы мен аудан орталықтарындағы 400-ге жуық медициналық мекеменің 364-і интернет желісіне қосылды. Сондай-ақ 32 мекемеге орталықтандырылған медициналық ақпараттық жүйе енгізіліп, тұрғындарға электронды түрде қызмет көрсетіле бастады. Таразда цифрлық жүйеге алғаш көшкен медициналық мекеменің бірі — №2 қалалық емхана. Мұнда 68 мыңға жуық тұрғын тіркелген. Олардың денсаулық төлқұжаттары электронды форматқа енгізіліп қойды. Кезекке тұру, еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеу, дәрігерге жазылу сияқты қызмет түрлері осы жүйемен жүзеге асады.

Светлана Чинеева, қала тұрғыны:

— Бұрын кезекке тұратынсың. Карточкаңды тіркеу орнынан алатынсың. Ол үйде болған жағдайда үйде қалып кетеді. Кейбір кезде жоғалтып қоятын кездер болатын. Қазір ондайлардың барлығы жоқ. Тек қана электронды формада. Өзімізге өте ыңғайлы. Гүлмира Әбдірейімова, №2 қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары — Біз толықтай электронды жүйемен жұмыс жасап жатырмыз. Енді арасында кемшін тұстары да болып жатады. Олар да уақыт өте бәрі жөнделеді деген сенімдеміз. Кемшін тұстары кейбір ақпараттық жүйелермен әлі интеграция жоқ. Мысалы Айс поликлиника дейміз. Жаңағы амбулаторлық информациялық жүйемен әлі интеграция толығымен қосылған жоқ. Сол жағынан.

Жаңашылдықтың тағы бір тиімді тұсы қажетті барлық мәліметті қашықта жүріп біліп отыруға болады. Мәселен, дәрігерді үйге шақыру, бақылау күнделігін жүргізу, тіпті тапсырған анализ қорытындысын да үйден шықпай-ақ көре аласыз. Дәрігер мамандардың айтуынша, қызметтің бұл түрін көбінесе 20 мен 60 жас аралығындағы тұрғындар пайдаланады.

Руслан Бақытбекұлы,  Twitter@Rusput_24kz:

— Дәрігерге қаралу үшін емханаға барып тіркеліп, әуре-сарсаңға түсудің қажеті жоқ. Смартфоныңыз арқылы үйде, жұмыс орнында жалпы кез келген жерде жазылуға болады. Ол үшін мобильдік қосымшаны пайдаланасыз. Оған өзіңіздің нөміріңіз бен жеке сәйкестендіру нөміріңізді енгізесіз. Онда өзіңіздің уаскелік дәрігеріңіз туралы толық мағлұмат көрсетілген. Сол арқылы дәрігердің бос уақытысына қарай отырып өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдайсыз. Соңында қай жеріңіз мазалайды соны қысқаша жазып қалдырып өтінім жолдайсыз. Міне, сол мезетте ақпараттық жүйеде сіз туралы барлық мағлұмат шығып тұрады. Жалпы Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласын биыл жыл соңына дейін цифрлық жүйеге толықтай көшіру жоспарда. Қазір облыстағы 5 мыңнан астам медициналық қызметкерлердің жұмыс орындары компьютермен қамтылды. Сонымен қатар 20 цифрлық сауаттылықты арттыру посттары ашылды. Онда шамамен 500 мыңнан астам адамға электронды форматтың дағдылары үйретілген. Бүгінде 800 мыңға жуық адамның денсаулық паспорттары электронды нұсқаға ауысады.

Хамит Мырзақасымов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

— 121 медициналық құжаттама нысандарының 118-і осы электронды форматқа көшіріліп. Осы медициналық ақпараттық жүйесіне енгізілген. Енді осы құжаттамамен жұмыс істеп. Біз саты-сатысымен кестеге сәйкес барлық медициналық ұйымдарды қағазсыз аурухана, қағазсыз емханаға көшіріледі. Жол картасы бойынша 2019 жылы осы дәрежеге жетсек пе деп отырмыз. Жоспар орындалса, бюджет қаражаты үнемделіп, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен тиімділігі артпақ. Бұл бағыттағы жұмыстар бірден емес, бірте-бірте жүзеге асады.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.