Тергеу изоляторындағы психологиялық қызмет

Жалпы, психологиялық қызмет — адамдарға мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған арнайы қызмет жүйесі.

Ал жаза басып, қайғы жұтып, тағдыры тергеу изоляторында психологиялық қызметтің маңызы зор. Себебі, мұндағы азаматтарды босатылғаннан кейінгі өмірі ойландырмай қоймайды. Мұндайда сотталғандардың көпшілігін қоғам мүшелерінің қалай қабылдауы, күн көріс жағдайы сондай-ақ жұмыспен қамтылу секілді көптеген сауалдар мазалайтыны рас.

Сол себепті, психолог мамандар сотталғандар және тергеу қамағындағылар арасында жүйелі сұхбат жүргізіп, олардың өз-өзіне қол салу фактілерінің алдын алуға күш салуда. Мамандар жаңылған жандармен жиі әңгімелесіп, олардың жаңа өмір бастауына ықпал етіп жүр.

Өз кезегінде мұндай жұмыстар нақты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр.

К.Ахашева, А.Махмеджан,

ЖД-158/1 мекемесінің психологтары 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.