Берері мол басқосу | arainews.kz

Берері мол басқосу

508

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/5 мекемесінде ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 қараша айындағы №746 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» туралы және ҚР Қылмыстық Кодексінің 72 бабының талаптарын орындау туралы және «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша ҚР ІІО бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ІІМ 2016 жылғы 30 қаңтардағы №89 бұйрығының талаптары бойынша сондай-ақ, ҚР Қылмыстық Кодексінің 431-бабының талаптарымен таныстыру туралы семинар өтті.
Басқосуға аталған мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Ж.Курманалиев, Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы М.Әмреев және Жамбыл облысы Полиция Департаменті Жергілікті Полиция қызметінің УПИ ЖҰБ бастығы полиция майоры Қ.Ақболатов, «Феникс» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Ф.Камардинов қатысты.
Жиын барысында мамандар сотталған азаматтарға кәсіпкерлікпен айналысу үшін қажеттігі кеңестерін айтып, ҚР Қылмыстық Кодексі баптарының талаптарын жан-жақты түсіндірді.

Жұлдыз Сулейманова,
ЖД-158/5 мекемесі САӘПТЖБ БСЕжТО аға инспекторы, әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.