Таразда «Ұлы дала рухы» фестивалі өтті

286

Тараз қаласында облыс əкімдігі Ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастыруымен «Ұлы дала рухы» фестивалі өтті.
Фестивалдің мақсаты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізінде Жамбыл облысының тұрғындарына арналған рухани-мәдени іс-шаралар топтамасын ұсынып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттап, құндылықтарымызды дәріптейтін көрмелер ұйымдастыру.
«Достық үйінің» бірінші қабатында Астанадан арнайы келген иллюстратор-суретші Аңсаған Мұстафаның туындылары мен фототілшілердің сурет көрмелері қойылды. Сонымен қатар бірінші қабатта арнайы хештег рамкасымен «Таразға тілек» фотобұрышы ұйымдастырылды.
«Таразға тілек» фотоальбомына тілек жазып, суретке түскен жандарға «Ұлы дала рухы» іс-шарасының арнайы сыйлық дорбалары (кулек) берілді. Аталған шараға жиналған жұртшылыққа насихатшылар тобы «Жамбылдағы — Рухани жаңғыру» атты ақпараттық брошюраларын таратты.
Сондай-ақ, «Ұлы дала рухы» іс-шарасының концерттік бағдарламасы ұсынылады. Кеште «Алаш ұлы» тобы, Ғани Мәтебаев, Жазира Сметова, Ербосын Қасымбек сынды әншілер ән шырқады.
Сонымен қатар облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали  құттықтау сөз сөйлеп, «Ұлы дала рухы» фестиваліне қатысушыларды марапаттады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.