Таразда «Taraz – Аspara fashion week» халықаралық сән апталығы ашылды

160

Таразда «Taraz – Аspara fashion week» халықаралық сән апталығы ашылды. Салтанатты шараға ҚР мелекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова арнайы қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтетін шара 5 күн жұмыс істейтін болады. Сән апталығына Италия, Үндістан, Голландия, Қытай, Франция мен Ресей сынды барлығы 19 мемлекеттен сән саласының саңлақтары келеді деп күтілуде. Белгілі сәнгерлердің көрсетілімдерінен басқа, «Taraz – Aspara fashion week» аясында халықаралық дизайнерлер байқауыда өтеді.

Шара аясында Таразға 3 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, «Сербия сән апталығының» президенті Светлана Хорват, «Германия сән апталығының» президенті Катарзина Стеванов,  «Милан сән апталығының» президенті Марианна Мишели, американдық «FNL Network» телеарнасының директоры Rokko Leo Gaglioti,  «Болгария мисі» байқауының жеңімпазы Вероника Стеванова және тағы да басқа сән әлемінің жұлдыздары қатысады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.