Kundelik.kz порталына хакерлік шабуыл жасалды | arainews.kz

Kundelik.kz порталына хакерлік шабуыл жасалды

221

2018 жылдың 4 қыркүйегінде «Kundelik» ақпараттық жүйесіне DDOS хакерлік шабуыл жасалды. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Kundelik.kz порталының әзірлеушілері қазіргі уақытта порталға және мемлекеттік органдар үшін есептік жүйеге қолжетімділік жылдамдығының азаюы мүмкін екендігін «Kundelik» ААЖ қолданушылардың персоналды мәлеметтерін қорғау мақсатында Ұлттық ақпараттандыру операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ серверлерінде орналастырылған және «электронды үкімет» сервистері деңгейінде қорғалады. Қазіргі уақытта «ҰАТ» АҚ техникалық мамандары мен телекоммуникациялық опреаторлардың («Казахтелеком» АҚ, «ГТС» РМК, «Транстелеком» АҚ, «Кселл» АҚ және т.б.) жетекші мамандары сырттан жасалған шабуылдардың салдарын толық жою және жүйелерге қолжетімділік жылдамдығын қалпына келтіру үшін Kundelik.kz порталын және тағы да басқа ақпараттық жүйелерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Яғни, осы жағдай «ҰАТ» АҚ тарапынан шыққан техникалық ақаулық болып табылмайды», — делінген хабарламада.

Қазір шетелдік DDOS шабуылдарға қарсы тұру бойынша біріккен жұмыстар жасалып жатыр.

Портал қолданушыларының барлық мәліметтері — жеке ақпарат, үлгерім, сабаққа қатысу туралы бағалар, берілген үй жұмыстары — «ҰАТ» АҚ ақпараттық қауіпсіздігінің периметрінде орналасқан және өзгертілмейді. Жүйенің толық қалпына келуі мен жағдайдың шешілуі туралы қосымша хабарланатын болады.

Айта кетейік, «Kundelik» — бұл Қазақстанның жалпы білімдік мектептерінің электронды күнделіктері мен журналдарының ұлттық жүйесі. Жүйеге 6 мыңнан астам мектеп қосылған, 4 млн. астам қолданушы тіркелген. Электронды күнделіктерді енгізу арқылы оқу үрдісінің тазалығы және оқушылар мен мұғалімдер арасында ақпаратпен алмасу қолайлығы жоғарылайды, сонымен қатар есеп тапсыру үрдісі жеңілдейді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.