Таразда кино мектебі жұмыс істеуде | arainews.kz

Таразда кино мектебі жұмыс істеуде

200

Елбасының «Рухани жаңғыру» атты мақаласында ұрпақ санасында тарихқа, тарихи тұлғаларға оң көзқарас қалыптастыру мақсатында кино өнерін дамыту жайы айтылады. Осы мақсатта Тараз қаласында жас киногерлердің басын бір арнаға тоғыстырған «Taraz Film Scholl» аталатын кино мектебі жұмыс жасайды.

Жақында ғана аталған жас режиссер Дәурен Қамшыбаев жетекшілік ететін мектептен тәлім алған жас киногерлер түсірген «Қайсар», «No limites» аталатын фильмдер жарыққа шықты. Бұл фильмдердің басты кейіпкерлері мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан мақсатына жету жолында мойымаған жандар. Әрі фильм авторлары мұнда голливудтық кинокартиналарда қолданылатын тәсілді оңтайлы қолдана білген. Аталған фильмдерді көрермендер «Taraz Film Scholl» кино мектебінің «Ютуб» желісіндегі каналынан тамашалай алады. «Қайсар» киносы арқылы өңірге танымал болған жас актер Мадияр Құрманбаев Тараз кино мектебінің мүмкіндігі мол екенін алға тартады. Ол «Taraz Film Scholl» кино мектебінен арнайы кастингтен өтіп келген. Үш айға созылған актерлік шеберлікті жетілдіру курстары да Мадиярдың талантын шыңдай түскен. Соның нәтижесі болса керек «Қайсар» фильмін түсіруге жұмылдырылған шығармашылық топ өз жұмыстарын небәрі 5 күнде аяқтау мүмкіндігіне ие болған.

Қазіргі таңда тәжірибесі толысып, технология жабдықталуы жағынан жоғары деңгейге қол жеткізген жас киногерлер мектебі бірнеше ауқымды жобаларды қолға алған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.