Жамбылдық жастар Меркіде бас қосты | arainews.kz

Жамбылдық жастар Меркіде бас қосты

507

Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Меркі ауданындағы «Turan» демалыс орталығында «Жастар шақырады» атты форум өтті. Дарынды жастардың шығармашылығын анықтауға, қолдауға және көтермелеуге, қазақстандықтардың жас буынын мәдени-рухани тәрбиелеуге, қазақстандық бірегейлікті, қоғамдық келісімді қалыптастыруға және мемлекеттік тілді оқыту арқылы халықтың бірлігін нығайтуға бағытталған үш күндік форум жастар жадында ерекше шаралармен қалды.

Үш күн ішінде жастарға түрлі ойын сауықтық бағдарламалар ұйымдастырылып, қатысушылар арасында таныстық, достық қатынасы орнады. Шынында да жастардың демалысы қызықты сәттерге толы болды. Алғашқы күннен-ақ жоспар бойынша белгіленген бағдарламалар жалындаған жастардың ерекше қызығушылықтарын оятты. Әрбір берілген тапсырманы бар ынта-жігерлерімен орындап форумға қатысушылардың әрқайсысы жеке қырларынан танылды. Форум жастарына арнайы жүзуден «Лови волну-2019» сайысы өткізіліп, жүзгіш жүйріктер де анықталды.

Екінші күні қатысушылар Хасанова Дильноза Бахадүрқызының жүргізуімен «Поколение Z» тақырыбында семинар-тренингке қатысып, нәтижесінде бұл буын туралы қызықты ақпарат алды. Сонымен қатар тренингте лектор жастарға бағыт-бағдар ретінде алдағы он жылдықта жоғары сұранысқа ие болатын және сол уақыт аралығында қоғамға пайдасы бәсеңдейтін мамандық түрлерін тілге тиек етті. Сондай-ақ «Қазақтану» бағдарламасы аясында әр этнос қыздары арасында қазақтың ұлттық тағамы «Қуырдақ» пісіруден шеберлік сыныбы өткізілді. Ал ер балаларға жоғары санатты аспаз кәуап пісірудің және мүшелеп ет бөлшектеудің қыр-сырларын үйретті. Жоғарыда атап өткеніміздей форум жастардың интеллектуалдық, мәдени деңгейін арттыруды басты назарға алды. Осы орайда көшбасшы жастарға «Ораторское искусство и леторское мастерство» тақырыбында «Елім-ай Достық» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ким Полина семинар-тренинг өткізді. Семинар тренингте «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері төрт топқа бөлініп, әр топ көңіл-күй түрлерін таныстыру арқылы сөздік қорларының кеңдігін танытты. Бұл тренинг жастарға шешендік өнерді игерудің маңыздылығын аңғартты. Күндізгі уақыт жастардың білімдерін арттыруға жұмсалса, кешкі мезгілде ой сергіту мақсатында жастарға караоке сайысы, би жарыстары және викториналық ойындар ойнатылды. Форум барысында жастар бос уақыттарын тиімді пайдаланып, демалыс орталығының тамаша табиғатымен танысып, фотосесия жүргізді. «Жастар шақырады» аймақтық форумының жабылу салтанатында концерттік бағдарламамен қоса облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Рано Убайдуллаева көшбасшы жастарға сертификат пен Қазақстан халқы Ассамблеясының логотипі бар кәде-сый тарту етті. Аталмыш форум жастарға ерекше әсер сыйлап, білімдерін кеңейтуге, жаңа достар табуға, тамаша табиғаттың куәгері болуға, бос уақыттарын тиімді өткізуге зор үлесін қосқаны анық.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.