Таразда «Ата Заңым — ардақтым!» фестивалі өтті | arainews.kz

Таразда «Ата Заңым — ардақтым!» фестивалі өтті

174

Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заңым — ардақтым!» атты фестиваль өтті..

Байқауда Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін уақытша атқарушы Н.Қанатов, Алматы қаласынан келген «FLIX EVENTS» жауапкершілігі шектеулі серіктесінің өкілі Д.Амангельдиева, спорттық биден жоғары санаттағы төреші. А.Төребек, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы» мекемесінің вокалдан қосымша білім беру педагогы Н.Красюк қазылық етті. Бұдан бөлек, қаламыздың жастары мен жасөспірімдері, барлығы 300-ден аса адам қатысты.

Аталған фестивалге қаламыздың жастары мен жасөспірімдері қатысып, сурет байқауы, би топтары арасындағы байқау мен патриоттық бағыттағы әндер байқауы бойынша сынға түсті.
Байқау қорытындысы бойынша жасөспірімдері арасында өткізілген сурет байқауы бойынша І орынды А.Тұрғанбек (Ботақан аула клубы), ІІ орынды А.Тауасар (Балауса аула клубы), ІІІ орынды А.Жылқайдар (Арай аула клубы) иеленді. Ал, патриоттық бағыттағы әндер байқауы бойынша І орынды Жамбыл политехникалық колледжінің студенті О.Бақытұлы, ІІ орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Д.Асылбек, ІІІ орынды №13 Тараз теміржол колледжінің студенті Қ.Маженов, «Үздік дауыс иесі» номинациясын Б.Бесбаев атындығы орта мектебінің оқушысы О.Аманжол еншіледі. Би топтары арасындағы байқау бойынша “Үздік ұлттық би тобы” номинациясымен «Нұршашу» би тобы, “Үздік халықтық-сахналық би тобы” номинациясымен «Мәдениет жігіттері» би тобы, “Үздік заманауи би тобы” номинациясымен «Свободный альянс» би тобы мен «Юнекс» би тобы иеленіп, арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.