Таразда «Адалдық кітапханасы» ашылды | arainews.kz

Таразда «Адалдық кітапханасы» ашылды

136

«Жамбыл-адалдық алаңы» жобасы аясында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде жастарды парасаттылыққа баулып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жоғары мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашықтық, адалдық принципіне негізделген «Адалдық кітапханасы» салтанатты түрде ашылды.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев игі іс-шарада осындай  адалдыққа,  парасаттылыққа тәрбиелейтін жобалар арқылы өскелең ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, оларды адамгершілікке, еңбексүйгіштік пен саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосуға болатындығын айтты.

 «Адалдық кітапханада» жеке, еркін және топтық жұмыс жасауға арналған бөлімдер бар. Жастардың тыныш отырып дайындалатын кабиналары, еркін отырып демалатын кеңістігі, топпен жұмыс жасауға және тренингтер өткізуге болады. Бос уақытын шахмат,шашка сынды ойындарымен қызықты және тиімді өткізуге, жұмсақ орындар кітап оқуға және жүрегіне жақын әуен тыңдап демалуына жағдай жасалған. Мұнда кітапханашылар қызметі дәстүрлі форматтан еркін кеңесші форматына көшті, яғни студент өзі еркімен қажетті құралдарын таңдап, еркін пайдалануына мүмкіндік бар.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.