Таразда 500 орындық жатақхананың құрылысы басталды

133

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 60 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті. Мерейлі датаға орай университетінің гидрокешені аумағында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 500 орындық студенттік жатақхананың алғашқы тасы қаланды. Салтанатты рәсімге арнайы қатысқан Гүлшара Әбдіхалықова өз сөзінде сапалы білім алып, білікті маман болып қалыптасу үшін мемлекеттің жастарға ерекше қамқорлық жасап отырғанын атап өтті.

Жобалық құның 1,5 миллиард теңгені құрайтын жатақхана құрылысы келер жылдың қаңтар айынан бастап ТарМУ мен «ПИКО» құрылыс компаниясы бірлесе қолға алады. 2020 жылдың маусымында пайдалануға берілетін нысанның құрылыс жұмыстарына студенттік құрылыс жасақтарын тарту да жоспарланып отыр. Осыған орай университеттің ақпараттық технология, автоматика және телекоммуникация факультетінің студенті Нұрсұлтан Сатыбалды облыс жастарына үндеу жасады. Үндеу мәтіні арнайы капсулаға салынып, жатақхана іргетасымен бірге қаланды.

Университет мерейтойына арналған шаралар М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайындағы концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.