Оқу ордасында жаңа спорт кешені ашылды | arainews.kz

Оқу ордасында жаңа спорт кешені ашылды

170

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 60 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті. Оқу ордасының мерейтойына жиналған қауым спорттық кешеннің ашылу салтанатының куәгері атанды. Жаңа спорт кешенінің алқызыл лентасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен оқу орнының басшысы Махметғали Сарыбеков қиды.

Алпыс жылдық тарихында бірнеше Олимпиада чемпионы мен жүлдегерлерін түлетіп ұшырған университетте спортқа қай кезде де ерекше назар аударылады. «Чемпиондар ұстаханасы» атанған оқу ордасының мерейтойына орай пайдалануға берілген спорт кешенінде шағын футбол, волейбол, баскетбол және стрит воркаут алаңшалары бар.

Салтанатты шараға қазіргі таңда университет намысын әлемдік, халықаралық додаларда абыроймен қорғап жүрген студенттермен бірге 2004 жылғы Афина Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері Бақтияр Артаев та қатысты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.