Шер-ағаның айтқан нақыл сөздері | arainews.kz

Шер-ағаның айтқан нақыл сөздері

219
  • Жерді сату — Анаңды сатумен тең!
  • Айыр тіл жыланда ғана болады, ал адамда тіл біреу
  • Орындалған арман — бақыт, Орындалмаған арман — күйік
  • Баласыз адам — бақытсыз адам
  • Рухы мен намысы сөнген ел — өлген ел
  • Көркем әдебиет — ауыр артиллерия болса, публицистика — жеңіл кавалерия
  • «Тәуелді» деген ұғымды тудырған күштілер мен обырлар
  • Мәдениеттің мәйегі — кітап
  • Ауыл кетсе, ұлттың ұйтқысы кетеді
  • Пейілі жаманды құдай табады
  • Шын жазушының көзі көкірегінде болады
  • Шындық — ащы һәм ажарсыз
  • Рухани азып-тозу — өліммен тең
  • Күйреген рухты қайта көтеру — міне, қазіргі таңдағы басты мақсат осы!
  • Ана тіліміздің мәртебесін көтеру — басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес. «Өзің өлме -өзгені де өлтірме» деген сөз. Зорлықпен тұншықтырылған қазақ тілін тірілту әрекеті. Осы да ұлтшылдық па? Жоқ, әлде әлдекімдердің көңіліне қарап өле беру керек пе?
  • Ұйықтап жатқан құмырсқаны көрмедім. Бәрі қыбырлап-жыбырлап жем тасып бара жатады.
  • Біз ғой түске дейін ұйықтаймыз. Түстен кейін қыдырамыз.
  • Бай баласы байға ұқсайды, Байланбаған тайға ұқсайды, — деген осы.
  • Жалқаумыз.
  • Сақтасаң, қазаққа жау болған қазақтан сақта!
  • Шикі долбар шикі ойдан туады.
  • Рухани әлемі кең, рухы биік ел — қайсар ел. Ондай елді ешкім жеңе алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де жеңіл.
  • Театр көбейсе, түрме азаяды.
  • Күнәнің ең үлкені — жас баланы алдау.
  • Тура келген ажалға амал жоқ. Ал тежей тұруға болатын сәтте қолұшын бермеу нағыз тасқұдайлық.
  • Алтын бар жерде әзәзіл бар.
  • Мойныңа қарыз қарғыбауын тағып алғаннан артық ауыр нәрсе жоқ.
  • Тәуелсіздіктің жолы — қатты, дәмі — тәтті.
  • Жаңаның тамыры — көне.
  • Жер-ананың өкпе-бауыры — орман. Шыбық шаншы, тал тік!
  • Өтірік мақтау — асқа у қосып берумен бірдей.
  • Жау жаманы — жарамсақ.
  • Онсыз да кірленген дүниені кір басқан дүрбімен қарауға болмайды.
  • Рух пен намыс — егіз.
  • Бір адамның рухсыз болуы — сор, ал тұтас ұлттың рухынан айырылуы — қасірет!

 

Жазушының «Бір кем дүние» кітабынан үзінділер:

Нысап

Кедей — бай, бай Құдай болсам дейді. Нысапсыздық жаман. Бір кем дүние.

Құдірет

Бидайын алып, сабанын қойған Құдай, Жақсысын алып, жаманын қойған Құдай… Бір кем дүние.

Қайдан…

Кедейді бай, азды көп қылған патша данышпан. Бір кем дүние.

Қалтай айтқан

Журналист — это Қаранар, Но мизерный гонорар. Бір кем дүние.

Асқанға — тосқан

Толдым деген төгіледі, Жеттім деген жығылады. Бір кем дүние.

Тым… тым…

Патшаға тым жақындама,

Тым алыстап та кетпе.

Ол да от сияқты:

Тым жақындасаң — күйіп өлесің,

Тым алыстасаң — үсіп өлесің.

Бір кем дүние.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.