Таластағы тағылымды басқосу | arainews.kz

Таластағы тағылымды басқосу

129

Елбасының  «Болашаққа  бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында  Талас аудандық  жастар ресурстық орталығы «Туған жерге тағзым» атты өңірлік жастар форумын ұйымдастырды.  Қаратау қаласындағы балалар  өнер мектебінде  өткен шараны  аудан әкімінің орынбасары   Қадірбек Сәдубаев ашып, сөз сөйледі.

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»  деген дана халқымыз.   Осы қағиданы ұстанған әр адам атамекен – алтын бесігін естен шығармай, оған өзін мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні ақиқат. Бүгінде киелі Талас топырағынан түлеп ұшқан абзал азаматтар әр салада табысты еңбек етуде. Біз   жырақтағы жерлестеріміздің жетістіктерін әрдайым мақтан етеміз»  деді Қадірбек Сәдубаев.

Басқосуға  «Хабар» агенттігі арнайы бағдарламалар бөлімінің жетекшісі,  танымал блогер Өркен Кенжебек,  медиасарапшы  Яков Федоров, облыстық  «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы  Уалихан Болатбек, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі    Исламбек Дастан сынды азаматтар қатысты. Жиында Талас өңірінің тағылымды тарихы, жалынды жастардың жетістіктері мен алдағы айқын мақсаттар әңгіме арқауына айналды.

Шара  соңында аудандық жастар ресурстық орталығының   директоры Нұрсұлтан Манатбеков қорытынды сөз алып, шақырылған қонақтарға алғысын білдірді.   Сонымен қатар белсенді жастар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Елдар БОРАНБЕК

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.