Шектеу шаралары жалғасуда | arainews.kz

Шектеу шаралары жалғасуда

165

Елімізде коронавирусты инфекцияның екінші толқынын болдырмау мақсатында және Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларынабайланысты аудандағы бірқатар елді мекенге рейд жұмыстары жүргізілді. Осы мақсаттта Мойынқұм ауданы әкімдігі жанынан құрылған  мониторингтік топ мүшелеріаудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қ.Төлеубеков, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  М.Қалдыбеков, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Д.Әлтәмашев және полиция бөлімі қызметкерлері мен БАҚ өкілдері Бірлік, Биназар, Хантау ауылдық округтерінде болып, бірқатар сауда дүкендері,жазғы мейрамханаларды және мектептерді аралады. Сонымен қатар бетперде киюді міндеттеп, санитарлық талаптардың сақталуына зерделеу жүргізді. Рейдтік жұмыс барысында 15 нысанға тексеру жүргізіліп, 2 нысаннан кемшіліктер анықталып, соларға байланысты хаттама толтырылды.

Ауданымызда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарында карантиндік іс-шараларының сақталуына тексеру жұмыстарының тұрақты жүргізілуде. Нәтижесінде мониторинг тоб мүшелері 20 хаттама толтырып, 833400 теңге айыппұл салынды. Аудандағы 7 нысанға хаттама толтырылып, аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,

Мойынқұм ауданы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.