«Жасыл елдің» жұмысы қорытындыланды | arainews.kz

«Жасыл елдің» жұмысы қорытындыланды

225

2020 жылы мен «Білімгерлер мен жастардың «Қазақстанның болағашы үшін» Тараз бірлестігі»  Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша облыс аумағында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мен студентердің құрылыс жасақтарын жұмыспен қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асырды. Жоба аясында жұмыссыз жастарды, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының студенттерінен тұратын жастарды маусымдық жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілді.

Жоба аясында 180 сарбаздан тұратын «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары қызметінің құрылуын және Тараз қаласы аумағын тазарту, көріктендіру, көгалдандыру, жөндеу және тазалау бойынша уақытша маусымдық жұмысқа тартылды. Бірінші маусымдық жұмысқа 110 сарбаз жұмыспен қамтылса, екінші маусымда 70 сарбаз жұмыс жасады.

Сонымен қатар сарбаздар арнайы киім үлгісі және қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілді.

Жоба туралы қала жастарын кеңінен хабардар ету, жобаның ауқымды дамуы мен мақсатын кеңінен түсіндіру мақсатында танымалы әлеуметтік желілерде (@taraz_life 160 000 жазылушысы бар инстграмм парақшасына) және жастар көретін республикалық НТК телеарнасының жүгіртпе жолына хабарландыру берілді. Жұмыссыз жастар мен мектеп оқушыларын көптеп тарту мақсатында жұмыспен қамту орталықтары мен мектеп директорларымен де тығыз жұмыстар жүргізілді.

Жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында  «Білімгерлер мен жастардың «Қазақстанның болағашы үшін» Тараз бірлестігі»  мен «Жасыл ел Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында өзара ынтымақтастық турасында меморандумға қол қойылды. Екі-жақты келісімге сәйкес жоба аясында сарбаздар Тараз қаласында орналасқан 12 мөлтек ауданында арық, көше бойы және аулаларда тазалық жұмыстарын жүргізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.