Облыс әкімдігінің білім басқармасы «жедел желісін» іске қосты | arainews.kz

Облыс әкімдігінің білім басқармасы «жедел желісін» іске қосты

348

Жаңа оқу жылының алғашқы айы аяқталды. Осы уақыт аралығында Сіз түсінбеген қандай да бір (жаңа бағдарлама, мектеп формасы, балабақшаға кезек және т.б.) мәселелер болса, басқарманың 8 (7262) 43-88-25, 43-88-39 «Жедел желі» телефонына хабарласуыңызға немесе WhatsApp 8-747-208-54-66 номеріне хабарлама жолдауларыңызға болады.
Егер Сіз немесе Сіздің балаңыз Жамбыл облысының білім беру ұйымдарында заңға қайшы әрекеттерге тап болса, мұндай жағдайларды назарсыз қалдырмауды сұраймыз.
Ескертпе: Білім басқармасы ақшаны заңсыз жинау фактілері бойынша тексеруді ұйымдастыру үшін мектеп номерін (колледж, балабақша), сізден талап етілетін қаржы көлемін және қандай мақсатта екендігін хабарлауыңызды сұрайды. Сіздің нөміріңізді білім беру ұйымының әкімшілігі көре алмайды.

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.