Мойынқұмдықтарға жаңа реанимобиль қызмет көрсетеді | arainews.kz

Мойынқұмдықтарға жаңа реанимобиль қызмет көрсетеді

213

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтің Мойынқұм ауданына сапары барысында бірқатар тапсырмалар берген болатын. Сол тапсырмалардың бірі – аудандық орталық ауруханаға реанимобиль алу еді.

Осыған байланысты облыстық бюджеттен 45 млн. теңге бөлініп, аудандық  орталық ауруханасына 1 реанимобиль автокөлігі  табысталды.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне медициналық  барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген көліктің  кілтін аудан әкімінің орынбасары Амангелді  Нәметқұлов  табыстап, еліміздегі коронавирус пандемиясы кезінде қажыр-қайратпен қызмет етіп жатқан дәрігерлерге ризашылығын білдірді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.