Құрылыс қарқыны көңіл қуантады | arainews.kz

Құрылыс қарқыны көңіл қуантады

218

Ел экономикасының даму динамикасын құрылыс көлемінен аңғаруға болады. Бұл тұрғыда мемлекетімізде, оның ішінде Жамбыл облысында құрылыс қарқынды жүруде. Бұл ретте, Шу ауданындағы атқарылып жатқан жұмыстарды ерекше атап өтуге болады.

Аудандағы құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылдың үш тоқсанында 14 млрд. 260 млн. 600 мың теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 млрд. 242 млн. теңгеге артып, орындалуы 177,8 пайызды құрады.

– Биылғы жылы Шу қаласы Тоғай тұрғын алқабындағы Сыпатай батыр көшесіндегі сметалық құны 1 млрд. 268 млн. 600 мың теңгені құрайтын 300 оқушыға арналған орта мектеп құрылысына 793,3 млн. теңге қарастырылды. Оның 701 млн. 600 мың теңгесі республикалық бюджеттен, 91 млн. 700 мың теңгесі облыстық бюджеттен бөлінді.

Мойынқұм ауылындағы су жүйелерін  және су шығару имаратының құрылысын салуға 482 млн. 300 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен, 448,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 34 млн 300 мың теңге бөлінді. Игерілгені 402 млн 300 мың теңге.

Абай ауылындағы су жүйелерін  және су шығару имаратының құрылысын салуға 305 млн. 400 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 256 млн. 800 мың теңге, облыстық бюджеттен қаралды 48 млн 500 мың теңге бөлінді. Игерілгені 295 млн 200 мың теңге, – дейді аудан әкімі Ж. Айтақов.

Бұдан бөлек, Шу қаласы «Оңтүстік батыс» тұрғын аумағында 258,7 гектар алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мақсатында электр көзімен қамтамасыз ету бойынша құрылысқа республикалық бюджеттен 431 млн. 700 мың тенге, облыстық бюджеттен 60 млн. тенге қаралған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.