Нұрлан Нығматулин бірқатар студенттермен жүздесті | arainews.kz

Нұрлан Нығматулин бірқатар студенттермен жүздесті

207

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин облысқа жұмыс сапары барысында бірқатар студенттермен жүздесті.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бас ғимаратының мәжіліс залында өткен шараға өңіріміздегі жоғары оқу орындарындағы 500-ге тарта студент қатысты. Кездесуді аталмыш университеттің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков жүргізіп отырды.


Мәжіліс төрағасы өз сөзінде Елбасының бастамасымен белгіленген Жастар жылының маңыздылығына тоқталып, ертеңгі ел тұтқасын ұстар – бүгінгі ұрпаққа үлкен сенім, мерейлі міндет артылып отырғанын жеткізді. Жиында студенттер Нұрлан Зайроллаұлына көкейдегі сауалдарын жолдады. Жастардың стартап-жобаларын қолдау, сырттай оқу, ауылдарға жас мамандарды тарту, студенттердің бос уақыттарын тиімді өткізу тұрғысында орамды ойлар ортаға салынды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.