Қоғамдық бақылау нәтижесінде 24 хаттама толтырылып, 3,9 млн теңге айыппұл салынды | arainews.kz

Қоғамдық бақылау нәтижесінде 24 хаттама толтырылып, 3,9 млн теңге айыппұл салынды

113

Қоғамдық бақылау жұмыстары барынша күшейтіліп жатқандығын ҚР Сыбайлас жемқорлққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқарма басшысының м.у.а. Д.Омаров журналисттердің назарына жеткізді.

Департамент арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Жамбыл –адалдық алаңы» жобалық кеңсе және тиісті уәкілеттік орган қызметкерлерімен бірлесіп түрлі рейідтік іс-шараларды ұйымдастыруда.

Есептік бір ай ішінде Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесе билетсіз жолаушыларды анықтау мақсатында жүргізілген 8 рейдтік шаралар нәтижесінде 4 билетсіз жолаушыларды алудың фактісі анықталып, жолсеріктерге 50 500 теңгеге әкімшілік хаттама толтырса, ал облыстық маңызы бар жолдарда жүргізілген рейтік іс-шаралар нәтижесінде жүк автокөліктері жүргізушілеріне артық салмақтағы жүк тасымалдағаны үшін 20 хаттама толтырылып 3 853 757 теңге айыппұл салынған.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.