Қазақстандықтар жедел жәрдемді азырақ шақыра бастады — Біртанов

49

Азаматттар бұрынғыға қарағанда жедел жәрдем қызметін азырақ шақыра бастады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін журналистерге ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

«Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің жедел медициналық көмекті жетілдіру бойынша жаңа бұйрығы қабылданып қойды. Оған сәйкес, жедел жәрдем шақырудың төрт санатын бекіттік. Олардың алғашқы үшеуіне пациенттің денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін жағдайлар енеді. Төртінші санатқа — халықтың ішінде жиі кездесетін созылмалы аурулардың дендеуі жатады. Осы бұйрыққа сәйкес, төртінші санаттағы адамдарға қызмет көрсету міндеттемелері мен тиісті қаражат ауруханаларға беріліп қойды», — деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, біздің елімізде жедел жәрдем қызметіне өтінушілердің саны дамыған елдерден қарағанда он есеге көп. Осының салдарынан күрделі шақтарда көптеген медициналық көліктер босамай қалатын көрінеді.

«Осының арқасында (бұйрықтың — авт.) бізде жағдай тұрақтала бастады. Себебі, көліктердің көбінің жұмысы қалыпқа келіп жатыр. Уақыт өте келе өтінімдердің азайғанын байқадық. Адамдар телефонға бұрынғыдан азырақ хабарласып, сырқатын сезсе ауруханаға барып, емделу үстінде. Ауруханаларға пациенттерді жедел жәрдемнің көмегінсіз емдеу ыңғайлы. Аздаған трендті байқадық. Ендігі кезекте адамдардың емделу сапасын арттыру бағытында осы жұмысты жалғастыратын боламыз», — дейді Елжан Біртанов.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.