Қазақстандық әскери қызметші пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды | arainews.kz

Қазақстандық әскери қызметші пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

152

Мәскеуде «WRPF» версиясы бойынша пауэрлифтинг пен жатып серпілуден әлем чемпионаты өтті

Онда Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызмтешісі майор Болат Бүлендин әлем чемпионаты атанып, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Сайысқа әлемнің 25 елінен 900-ден аса үздік ауыр атлетші қатысты.

«Бүгінгі таңда пауэрлифтингтен сайыс бүкіл әлемде өтуде. Олардың саны бойынша АҚШ, Англия мен Ресей көшбасшы болып қалуда. Қазақстандықтар арасында спорттың бұл түрі танымал. Осыған қарай біз де әскери қызметпен бірге әртүрлі турнирлерге қатысқымыз келеді. Мен осындай беделді жарыстарда біздің туды көтере алатынымды мақтан тұтамын», — деді майор Болат Булендин.

Айта кету керек, Болат Булендин халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы және Қазақстан Республикасының пауэрлифтинг пен жатып серпілу бойынша бірнеше дүркін чемпионы.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.