Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аспандияр Сейсебаев Тараз қаласында индустриялық аймақ және шағын индустриялық аймақ құру жұмыстарының барысы туралы әңгімеледі.
Оның сөзінше, аталған индустриялық аймақ жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын өркендетуге үлкен мүмкіндік туғызады екен.
– Мысалы, кәсіпкер несие алып, өндіріспен айналысуды мақсат етті, алайда, өз өндірісін қайда орналастыруды білмейді немесе қымбат ғимаратты жалға алуға мәжбүр. Ал, ол ғимараттың инфрақұрылымы жоқ, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес болмауы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда кәсіпкер қайдан қолдау іздеуі керек? Облыс әкімінің тікелей тапсырмасы негізінде Тараз қаласында бос орындарды іздеу және тізілімін құру жұмыстары басталды. Онда жалға беруде икемді баға саясаты, дамыған инфрақұрылым және де бизнестің дамуына ықпал ететін жеңілдіктер қарастырылған. Кәсіпкерлер палатасы жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты көмек көрсетуге және сүйемелдеуге ниетті. Сондай-ақ, оның ішінде қатысушылар үшін тегін заңгерлік және бухгалтерлік қызмет көрсету, қаржыландыруды тартуға жәрдемдесу, «Атамекен» бизнес-мектебіне оқыту, ақпараттық және PR-қолдау мен өнімдерді өткізу де жоспарланып отыр, – дейді Аспандияр Мұратәліұлы.

Ш.БИДІЛДАҰЛЫ

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.