«Ең үздік волонтер – 2018» байқауының жеңімпаздары анықталды

69

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Волонтерлар мектебінің жұмысын үйлестіру, жүргізу және олардың әлеуетін кеңінен пайдалану бағытындағы шараларды үйлестіру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ең үздік волонтер – 2018» республикалық байқауы ұйымдастырылды.

Байқау «Үздік волонтерлық ұйым», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік көшбасшы», «Үздік бастама», «Үздік салалық волонтерлар» номинациялары бойынша өткізілді. Байқауға Жамбыл облысынан және елімізді басқа да өңірлеріне 20 жуық қатысу туралы ұсыныстар келіп түсті. Байқаудың қорытынды марапаттау рәсімі М. Үркімбаев атындағы Жастар сарайында өткізілді. Марапаттау рәсіміне Тараз қаласының волонтерлары, студенттер, БАҚ өкілдері және волонтерлық қозғалысқа қызығушы жастар шақырылды.

         Байқау қорытындысы бойынша:

1) «Үздік волонтерлық ұйым» — «Клуб добряков» волонтерлық ұйымы. (Астана қаласы);

2) «Үздік әлеуметтік жоба» — Зейнула Толганай Сейткаликызы. (Астана қаласы);

3) «Үздік көшбасшы» — Игілік Алмат Игілікұлы. (Астана қаласы);

4) «Үздік бастама» — Успанбаев Ақниет Ержанұлы. (Тараз қаласы);

5) «Үздік салалық волонтерлар» — «От сердце к цердцу» волонтерлық отряды. (Тараз қаласы) аталымдары бойынша жеңімпаз деп танылды.

Байқауға қатысып, номинация бойынша жеңімпаз атанған жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Байқаудың марапаттау рәсімі барысында арнайы концерттік бағдарлама өткізілді. Қатысушыларға арнап М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің өнерлі жастары ән айтып, би биледі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.