Елжан Біртанов: Алғашқы медициналық көмек көрсетуде бізге пациенттердің пікірі маңызды

50

Қазақстанда медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетуде Денсаулық сақтау министрлігі үшін ең алдымен пациенттердің пікір маңызды. Мұндай пікірді Елордада өтіп жатқан Медициналық-санитарлық алғашқы көөмек жөніндегі жаһандық конференцияда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты

Министр конференция барысында «Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті көрсетуді дамытуда Қазақстаның тәжірибесі қандай» деген сұраққа жауап берді.

«Әлбетте, біз медициналық-санитарлық алғашқы көмекті көрсету міндеттері бойынша әртүрлі амалдарды айқындап алдық. Біздің жұмыс ең алдымен пациенттерге бейімделе даярланған. Нақты алғашқы медициналық-санитарлық көмекті алып отырған адамдардың пікірлері біз үшін аса маңызды. Әрине, бұл пікірлерді екшей келе, біз қай тұста қандай кемшіліктер барын анықтай отырып, қай тұста жұмысты күшейту керектігін анықтаймыз. Мәселен, созылмалы ауруы бар адамдардың пікірлерін жинау арқылы біз тиімді жоспарларды әзірлеуге қол жеткіземіз», — дейді Елжан Біртанов.

Айта кетсек, елордада бүгін медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференция өтіп жатыр. Жаһандық конференцияға әлемнің 146 елінен медицина саласының басшылары мен білікті мамандары келіп отыр. Олардың қатарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Фор, ДДҰ Еуропа өңірлік бюросының директоры Жужанна Якаб қатысуда.

Бұған дейін жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаһандық конференцияда Алматы декларациясын толықтыратын жаңа Астана декларациясы қабылданатынын жеткізген еді.


inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.