Тәжірибе алмасты | arainews.kz

Тәжірибе алмасты

130

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында білім беру саласына баса назар аударылғаны белгілі. «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек» деген Мемлекет басшысы  бұл істі алға бастыру мақсатында «Жол картасын» әзірлеуді тапсырған болатын. Жолдауда айтылған міндеттерді  жүзеге асыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облыстық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

«Мектепті басқаруды жаңғырту: білім сапасын басқарудан бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға дейін» тақырыбында өткен конференцияға облыстық, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорлары мен орынбасарлары, педагогтар қатысты.

Жиынды  ашқан филиал директоры, педагогика ғылымдарының докторы Гүлшат Медетбекова педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға негізделген жұмыстармен таныстырып, алдағы жоспарларын да айтып өтті.

Ал, келесі кезекте сөз алған Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ержан Әмірбекұлы конференция жұмысына сәттілік тілеп, әріптестік байланысты нығайтуға сенім білдірді.

Конференция барысында мектепті басқарудың өзекті мәселелері талқыланып, диалог алаңы құрылды. Сонымен қатар, мектепті басқару тиімділігін арттыру бойынша баяндамашылар өз тәжірибелерімен алмасты.

Шынар Қоянбаева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы- Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жетекші маманы.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.