Пробациялық қызмет нәтижесімен жұмысқа орналастыру жалғасуда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 33-қадамында бас бостандығынан айырылған, сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтуды көздейді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметі, Тараз қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі және қалалық прокуратурасының қызметкерлері бірлесіп «Жастарға арналған бос жұмыс орындары» атты жәрмеңке өткізген болатын. Аталған жәрмеңкенің басты мақсаты — сотталған азаматтардың жұмысқа орналасуына ықпал ету, олардың өзге де көмек алуына қолұшын созу болып табылады. Жәрмеңке барысында Пробация қызметінің есебінде тұрған бірқатар азаматтар жұмысқа орналастырылып, өзгелері оқу курстарына жазылды.

Тараз қалалық Пробация қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.