Баспаналы болу — бір бақыт

Баспана мәселесі бұл күнде кімді болса да бей-жай қалдырмайды. Дегенмен, еліміздегі баспанаға деген мұқтаждықты төмендету мәселесіне мемлекет тарапынан көптеп көңіл бөлінуде.
Ауылдан қалаға келушілер көбейген сайын баспанасыздардың саны артатыны жасырын емес. Бұл бағытта арнайы бағдарламалар қабылданып, жүзеге асып та жатыр.
Соның ту басында «Нұрлы жер», «Қолжетімді баспана-2010» бағдарламасы тұрса, жақында ғана Елбасының ұйытқы болуымен «7-20-25» бағдарламасы іске қосылды. Әлбетте, бұл бағдарламалар ипотека бойынша баспаналы болуға мүмкіндік береді.

Елбасы Н.Назарбаевтың бес бастамасының бірі – баспаналы болуға арналды. «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен бекітілді. «7-20-25» бағдарламасының негізгі мақсаты халықтың көптеген сегменттері үшін қол жетімді тұрғын үй ипотекасын құру болып табылады.

Аталған бағдарламалар
мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және басқа да жергілікті өңірлерге қажетті мамандық иелері үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыра түспек.

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандарымен кездесіп, аталған банк өкілдері оларға баспанаға қол жеткізу үшін қандай түрлі бағдарламадардың тиімділігін және сол бағдарламалардың шарттарын жан-жақты түсіндірді.

Басқосу барысында аталған банктің консультанты Алтынай Әмірқұлова мемлекеттің тұрғын үй саясатын және оның тиімді тұстарын, ереже-шарттарын толық баяндап берді. Оның айтуынша, банктен есепшот ашып, әр ай сайын жалақыңыздың белгілі бір бөлігін аударып отыру арқылы тезірек тұрғын үйге қол жеткізуге болады. Өз кезегінде тұрғындар мамандарға да көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Жансая Еркебай,

ЖД-158/4 мекемесі кадр саясаты тобының инспекторы әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.