Қоғамға бейімделуде сапалы білімнің пайдасы зор | arainews.kz

Қоғамға бейімделуде сапалы білімнің пайдасы зор

769

Темір торға тоғытылғандарды еңбекпен қамтып, кәсіпке үйрету олардың бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірлеріне оң ықпалын тигізеді. Ол үшін жазасын өтеушілердің сапалы білім алуы маңызды. Сондықтан, білім басқармасымен келісе отырып, түзеу мекемесінде қосымша пәндер оқытылуда.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/4 мекемесінде аталған департамент бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абылай Ильясовтың төрағалық етуімен «Түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру жағдайы» тақырыбында жиын өтті.

Оған ЖД-158/4 мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет капитаны Дархан Жақсыбеков сондай-ақ тәрбие бөлімі бастығы мен жасақ бастықтары, №15 кәсіптік-техникалық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әсемкамал Абілдаев қатысты.

Басқосу барысында сотталғандардың сабаққа тұрақты қатысуы, олардың бас бостандығынан айырылмай тұрып білімінің бар-жоғын анықтаумен қағаз-қаламның жетіспеушілігі сынды бірқатар мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Әлжан Алтынбек,
ЖД-158/4 мекемесінің кәсіби қызметтік даярлығы бойынша аға инспекторы, әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.