Баспана құрылысына басымдық берілуде | arainews.kz

Баспана құрылысына басымдық берілуде

115

Бүгінде Тараз қаласында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Алдағы мақсаттар да ауқымды. Мысалы, 2020-2021 жылдары 80 пәтерлі 23 тұрғын үйлердің құрылыстарын жүргізу жоспарлануда.

Ал жеке тұрғын үйлер құрылысы бойынша Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 555 жер телімінде жеке инвесторлар тарапынан несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылыстарын жүргізу үшін жер телімдері белгіленген. Оның 255-не 4 мердігер келісім шартқа тұрды. Қазіргі таңда 14 үйдің құрылыстары аяқталып, 4 үйге әлеуетті сатып алушы анықталды. Бұдан бөлек, қосымша 26 үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы үйлерді сату мақсатында 2006 жылы жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға түсіндіру жұмыстары аяқталуда. Осы жұмыстар кезең -кезеңімен өз жалғасын табатын болады.

Есепті кезеңге жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға 72 250 азамат кезекте тұр. Осы мақсатта жер кезегінде тұрған азаматтарға алдағы уақытта жер телімдерін беру үшін 4 алаң дайындалуда.

Олар, Асқаров көшесінің соңында, «Хамукат», «Қарасай», «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» алқаптарындағы 932,6 гектар. Бұл жерде барлығы 3752 кезекте тұрған азаматтарды жермен қамту жоспарлануда. Алқаптарда инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізуге жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеу қала бюджетінен іске асырылып жатса, құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоғары тұрған бюджеттер есебінен жүргізу көзделуде.

Бұдан бөлек, 2012 жылдан бері «Көлтоған» алқабының маңындағы 250 гектар алаңында бөлінген 1232 жер телімдерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдалану мерзімі өткен 127 жер учаскілері мемлекет меншігіне қайтарылды. Осы жерлер кезекте тұрған азаматтарға қайта берілетін болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.