Бейресми кездесуде бірқатар мәселелер айтылды

Жастар жылы аясында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде қала әкімі Қайрат Досаевтың жастармен бейресми кездесуі өтті. Кездесуге аталған колледждің білімгерлері қатысты.
Еркін форматта өткен кездесуде қала басшысы Қайрат Әскербекұлы мемлекет тарапынан жастардың игілігі үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға тоқталды.
Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану,жастар игіліктері пайдалануға берілген спорт, мәдениет нысандары мен аула клубтары, коворкинг орталықтарының жұмыстары жайында әңгімеледі.
Қайрат Әскербекұлы жастардың жеке пікірі мен ойын тыңдап, қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуы, жастардың жаһандану заманындағы көзқарастарын, жобаларын тыңдап, басқа осы секілді мәселелер төңірегінде өзіндік ақыл кеңестерімен бөлісті. Жастар өздерінің көкейлеріндегі толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Жиын соңында жастар қала басшысына ашық әңгіме мен жылы жүздесу үшін алғыстарын айтып, ерекше әсер алғандарын білдірді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.