Әулиеата жерінде мәдениет үйлері тұрғызылады | arainews.kz

Әулиеата жерінде мәдениет үйлері тұрғызылады

194

Жамбыл облысында елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасы жасалған, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  24.kz  сайтына сілтеме жасап.

Осыған сәйкес өңірде 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен мәдени ошақтар тұрғызылады. Атап айтар болсақ, ыңғайластырылған және мүлдем мәдениет үйі жоқ ауылдарда алдағы үш жылда 26, ал 2022-2025 жылдар аралығында 14 мәдениет үйін салу жоспарланып отыр. Халық саны бес мыңға дейінгі ауылдарда 90 орындық, ал бес мыңнан жоғары елді мекендерге 180 орындық ғимарат салу көзделген. Бұл ауыл жастары мен тұрғындарының бос уақыттарын тиімді өткізіп, кез келген мәлімет алуға септігін тигізбек.

Зүбайра Сембина, облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары:

— Бұл жерде тұрғындарға ыңғайлысы, ауылдың, ауданның тұрмыс-тіршілігі, экономикасына қатысты өздеріне қажетті кейбір анықтамаларды ала алатын болады. Бұл ауыл жастарына, ауылдың қарттарына деген үлкен қамқорлық деп есептейміз.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.