Жамбыл облысында елді мекендер 94% көгілдір отынмен қамтылады | arainews.kz

Жамбыл облысында елді мекендер 94% көгілдір отынмен қамтылады

148

Жамбыл облысындағы 377 елді мекеннің бүгінгі таңда 181-і газбен қамтылған, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  24.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамандар әлі де 171 ауыл аймаққа көгілдір отын жеткізуді  көздеп отыр. Осы мақсатта 2019 жылғы құрылыс жұмыстарын  қаржыландыру үшін 11 млрд 683 миллион теңгені құрайтын 10 жобалық бюджеттік өтінім Энергетика министрлігіне тапсырылды. Алайда магистралдық газ құбырынан 50-100 шақырым алшақ орналасқан 23 елді мекен газ торабына қосыла алмайды. Сол себепті 2025 жылға дейін газдандырылған елді мекендердің саны 354-ке жетіп, жалпы 94 процент қамтылмақшы. Сонымен қатар Тараз қаласының тозығы жеткен жылу желілерін қайта жаңғырту мақсатында 2018 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 жобаға 1 786,5 млн теңге бөлініп, 3,2 шақырым жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр.

Нұрбай Тілегенов, облыстық әкімдігінің Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:

— 2025 жылға дейін 171 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр. Былтыр басталған Талас ауданының 5 елді мекені, Сарысу ауданының 4 елді мекеніне орта қысымды газ құбыры жеткізіліп, ауыл ішіндегі ішкі орамдық газ жүйелеріне конкурс ойнатылып, мердігер анықталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.