«Әсем әуен» ансамблі Этимесгут муниципалитетінің марапатына ие болы | arainews.kz

«Әсем әуен» ансамблі Этимесгут муниципалитетінің марапатына ие болы

233

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің шақыруымен Этимесгут муниципалитеті ұйымдастырған 15-ші дәстүрлі «Анадолу» Халықаралық мәдениет және өнер фестивалінде өнер көрсеткен «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі басқарма басшысы Дүйсеналы Дыбысалыұлы Бықыбаевтың қабылдауында болды. Өнер иелеріне Түркиядағы Қазақстан күніне үлес қосып, өнер көрсеткендері үшін алғыс айтып, табыстар тіледі. Алдағы уақытта түрлі фестиваль, конкурстарда үздік өнер көрсетуге ынталандырып, сенім білдіретіндігін атап өтті. Сондай-ақ, Этимисгут ауданының мэрі Энвер Демирельдің алғысы мен ыстық лебізін жеткізіп, қатысушы сертификаттарын табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 5-10 қыркүйек аралығында Түркияның Анкара қаласында өткен «Анадолу» фестивалінде «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі 80 мыңға жуық көрермен алдында өз өнерлерін паш еткен болатын.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.