Астананың «Жастар театры» жамбылдық көрермендерді жаңа қойылымға шақырады | arainews.kz

Астананың «Жастар театры» жамбылдық көрермендерді жаңа қойылымға шақырады

177

Астана қалалық «Жастар театры» Елордамыздың 20-жылдық мерейтойына орай Тараз қаласындағы гастрольдік сапары аясында 9 қазан күні, сағат 19.00-де Жамбыл облыстық қазақ драма театрының сахнасында Болат Бекжановтың «Өмір» драмасының премьерасын ұсынады.

Адам – пенде. Өмірдің өзіне ұсынған сыйы мен сынына бірдей әділ, адал жауап беру кейде сол пенденің ырқынан тыс болып жатады. Сондай сәтте «Бұл – Өмір ғой…» деп Саналы түрде өзімізді жұбатып, келешекке деген сенімді жоғалтпаудың жолын іздейміз. Пендесін алға жетелейтін де ұлы күш осы – Арда үміт… Десек те, адамның Айнасы – ары. Адалдықтан аттап, сезімсіз, сенімсіз жалғандыққа құрылған Өмірдің құны да, мәні де жоқ.

Шығармадағы әр кейіпкер тек оқиғаны өрбітуші ғана емес, жаһандану дәуірімен бірге құндылықтары өзгерген қоғамның боямасыз мінездер мозайкасын түзуші келбеті де.  Ұлт ертеңі мен ұрпақ арасындағы нәзік тін – тек пен тамыр мәселесіне терең үңілтіп, заманның запыранға толы ащы шындығын суреттейтін қойылым көрерменін де бей-жай қалдырмайды.

Спектакльдің қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.