2019 жылы студенттік жатақханаларда жаңа орындарды енгізу жөніндегі алғашқы шарттар жасалды

65

Мемлекет басшысының Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 15 қазанда ҚР Білім және ғылым министрлігінде студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырыстың алғашқы шарттары жасалды.

Шарт тараптары ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, Бағдарламаның Операторы – Қаржы орталығы және еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары қатысты: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Қ.С. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Қазақстан инновациялық университеті, КАЗГЮУ университеті, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы.

Келісімдердің нәтижесінде объектілерді салу және реконструкциялау арқылы Астана, Алматы және Семей қалаларының студенттері үшін жатақханаларда 4000-нан астам жаңа төсек-орын енгізіледі, олардың ішінде 2810 жаңа төсек-орын келесі жылы енгізіледі деп жоспарлануда.

Алдағы уақытта оқу орындары және әлеуетті инвесторлармен бірлесіп, жаңа жобаларға бастама жасау жұмыстарын жандандыру жоспарлануда. Басты мақсат – 2019 жылы жаңа 5000 төсек-орын енгізу.

Сонымен бірге, іс-шара барысында Бағдарлама операторы мен Қазақстандық ипотекалық ұйымы арасында Студент жастардың тұру жағдайларын жақсарту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

kaz.zakon.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.